Мүмкіндік беретін жоба

0
53

2023 жылдың көктемгі мерзімді әскери қызметке шақырылған Алматы қаласындағы 5571 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын абыроймен өтеп келген Сарыкөл ауылдық округінің азаматтары 2005 ж.т қатардағы жауынгер Солдатов Диас Медетович өзін жоғары деңгейде көрсетіп, жоғары ұпай жинап Алматы қаласы Логистика және көлік академиясына грант ұтып алды және 2004 ж.т қатардағы жауынгер Аманжолов Рамазан Маратұлы Алматы қаласындағы Халықаралық білім беру корпорациясына мерзімді әскери қызмет өткерген сарбаздарға арналған білем беру жеңілдіктерін алды.
Қорғаныс министрлігі Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, бастамашылық жасаған бұл жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім беру жеңілдіктерін беру арқылы азаматтарды мерзімді әскери қызметке ынталандыру және армияның беделін арттыру жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда.Бұл мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтарға екі жыл ішінде ақылы негізде ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелерін есепке алмай, жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік береді.Ал жауынгерлік даярлықта жоғары нәтиже көрсеткен сарбаздарға жоғары оқу орны есебінен өтеусіз негізде ҰБТ есебінсіз оқуға құқық беріліп отыр.Сонымен қатар оларға өзі таңдаған оқу орнының әскери кафедрасына емтихансыз түсуге және оның ақылы немесе университет есебінен өтеусіз негізде өтуіне рұқсат етіледі. Армия мектебінен өткен азаматтар Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына да емтихансыз түсе алады.

Аудандық қорғаныс бөлімі.