Франция электр қуатының 75 пайызын АЭС-тен алады

0
25
Еуро Одақта энергияның төрттен бір бөлігі Атом электр станциясында өндіріледі. Қазір Одаққа мүше 27 елдің 13-інде 103 реактор жұмыс істеп тұр. Франция – атом энергетикасы бойынша Еуропаның ғана емес, әлемнің көшбасшысы.

Бесінші мемлекет электр қуатының 75 пайызын атом электр станциясынан алып отыр.

1973 жылға дейін Франция электр энергиясының жартысын шетелден импорттап, жартысын мұнайдан алып келді. Сол жылы болған мұнай дағдарысынан кейін ел үкіметі атом энергетикасын қарқынды дамытуға кірісті. Қазір елдегі 19 атом электр станциясында 56 реактор жұмыс істеп тұр, деп жазады qazaqstan.tv.

«Франция өте арзан электр энергия өндіру үшін ядролық энергетиканы дамытып, реакторларды іске қосты. Экономиканы декарбонизациялау үшін мұнай мен газды атом энергиясымен алмастыру қажет. Қазір Франция өзінен артылған қуат көзін Еуропа нарығына саудалап отыр.