АЭС референдумы: Қазақстанның энергетикалық болашағы туралы саналы таңдау

0
51

Атом электр станциясына (АЭС) байланысты референдум – еліміздің энергетикалық болашағын анықтаудағы аса маңызды қадамдардың бірі. Бұл шешім біздің экологиялық, экономикалық және әлеуметтік дамуымызға тікелей әсер етеді. Сондықтан да, осындай үлкен жауапкершілікті талап ететін мәселеге халықтың қатысуы өте маңызды.

АЭС-тің артықшылықтары қатарында энергияның тұрақтылығы мен тиімділігі, көмірқышқыл газының азаюы, сондай-ақ экономикалық өсімге ықпал етуі бар. Дегенмен, оның қауіпсіздігі, ұзақ мерзімді радиоактивті қалдықтардың сақталуы және табиғи апаттар жағдайындағы тәуекелдер қоғамды алаңдатпай қоймайды.Осы референдум арқылы әрбір азамат өз пікірін білдіру мүмкіндігіне ие болмақ. Біздің болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігімізді ұмытпай, АЭС туралы шешім қабылдау кезінде әрбіріміз саналы түрде ойланып, дұрыс таңдау жасауымыз қажет.

Сонымен қатар, референдум халықтың саяси белсенділігін көрсетудің бірден-бір жолы. Азаматтар еліміздің энергетикалық саясатына өз үлесін қоса алады. Бұл – Қазақстанның демократиялық үдерісін нығайтып, халықтың мемлекеттегі маңызды шешімдерге тікелей қатысуына мүмкіндік беретін қадам.

Ауданның белсенді жасы Г.М.Алпан