ТАҒАЙЫНДАУ

0
39

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының  37 бабына және ҚР 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»  Заңының 19 бабының 2-тармағына, 28 бабының 1-тармағына, 30 бабының 1-тармағына  және  аудан әкімінің 2024 жылдың 18 қыркүйегіндегі № 74  өкімімен Туманчаев Амангос Косжанұлы  Темір аудандық сәулет, қала құрылыс және құрылыс  бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Туманчаев Амангос Косжанұлы

  1984 жылдың 7 сәуірінде  Ақтөбе облысы, Темір   ауданы,  Шұбарқұдық кентінде  дүниеге келген.

Білімі кәсіби орта. 2013 жылы Ақтөбе сәулет-құрылысы колледжін  «сәулет» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы:

-2001-2002 жж. №1 қазақ орта мектебінің мұғалімі болып бастаған;

-2002-2003 жж. Шұбарқұдық гимназиясының мұғалімі;

-2003-2005 жж. Астана қаласының №5570 Әскери бөлімінде әскерде болған;

-2005-2006 жж. Ақтөбе аймақтық ақпараттық-есептеу орталығының инженері;

-2006-2016 жж.  Жеке кәсіпкер;

-2016 жылы «Ғимарат+1» ЖШС-нің директоры  болып бастаған;

-Бүгінгі күнге дейін «Ғимарат+1» ЖШС-нің директоры  болып қызмет етіп келді;

2024 жылдың 18 қыркүйегінен бастап Темір аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс  бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.