ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ АУДАН ОРТАЛЫҒЫНДА

0
16

Жақында, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Қаниев Бауыржан Нұралыұлы облыстық мәслихат депутаты Ізбасов Боран Оңғарұлымен бірге Темір ауданында жұмыс сапарымен болып, аудан тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында бүгінгі таңдағы түйткілді мәселелер, салынып жатқан маңызды нысандардын құрылыстары туралы сөз қозғалды.

Сонымен қатар, 6 қазан күні өткізілетін референдум бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, АЭС салу бойынша құрылған Халықтық штабтың жұмысы туралы өз пікірін білдірді.

Сондай-ақ, тұрғындар арасында дұрыс ақпарат көздерінен ақпар беру, халыққа АЭС салудың қаншалықты стратегиялық маңызды екендігін талқылады.

                                                                                                                                   Темір газеті.