ЕҢБЕГІҢ ЕЛЕНСІН

0
49

Аудан әкімі С.Аманбаев аудандық мәдениет үйінде қыркүйектің соңғы жексенбісі болып белгіленген Еңбек күніне орай ұйымдастырылған мерекелік шараға қатысты.

Аталған шараға аудан әкімінің орынбасары Қ.Нұралы, аудан ардагерлері және тұрғындары қатысты.

Шара барысында аудан әкімі өз ісінің майталмандары қашанда қоғамның назарында болып, жастарымыз соларға қарап бой түзеуі керек екендігін атап өтіп, шара қатысушыларын Еңбек күнімен құттықтады.

Сонымен қатар, өз еңбегімен кәсіби біліктілік пен мамандыққа адалдықтың шынайы үлгісін көрсетіп жүрген бірқатар азаматтар «Темір ауданына сіңірген еңбегі үшін», «Ел алғысы» төсбелгісі, аудан әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен марапатталды.