АЭС салу мәселесі бойынша Республикалық референдум өткізілуде.

0
56

Бүгін елімізде АЭС салу мәселесі бойынша Республикалық референдум өткізілуде. Ауданымызда дауыс беруге арналған 28 учаске жұмыс істейді. Әр учаскеге арнайы оқудан өткен екі партия байқаушылары жіберілген болатын. Олар учаскедегі жағдайды бақылап, партияның аудандық филиалына уақытылы жеткізіп отыр. Учаскелер 7:00 –ден 20:00 – ге дейін ашық болады.
Референдумға аудан тұрғындары белсене қатысып, өз таңдауларын жасап жатыр. Мүгедектігі бар тұлғалар мен егде жастағы қарттарға үйден дауыс беру қарастырылған.
Естеріңізге сала кетсек, 2024 жылғы 2 қыркүйекте ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» деген тақырыппен халыққа Жолдауын жариялап, елде атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты Республикалық референдум биылғы 6 қазанда өтеді деп мәлімдеген болатын.

«AMANAT» партиясы Темір аудандық филиалы