6 КӨШЕ АСФАЛЬТТАНАДЫ

0
46

Аудан әкімі С.Аманбаев Саркөл ауылдық округіндегі жұмыс сапары кезінде Шұбарши ауылындағы Сәтпаев, Степная Аэродромная, Құрылысшылар, 1 Мамыр, Аврова көшелерінің жол құрылысын қарады.

Қазіргі уақытта Саркөл ауылы бойынша жалпы ұзындығы 4.3 шақырым болатын автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Автомобиль жолдарын асфальттау жұмыстары жобасының бас мердігері – «DEN-Grup Plus» ЖШС. Жоба 2025 жылға ауыспалы.

Қазіргі таңда, құрылыс-монтаж жұмыстарына қажетті материалдар тасылып, автомобиль жолының негізі (основание) әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.

Аудан әкімі мердігер компания өкілдеріне адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында автомагистральдан шығу пункттерінде жол белгілерін және жылдамдықты шектеу туралы ескерту белгілерін уақтылы орнату қажеттілігін ескертіп, асфальттың сапасына және автомобиль жолын уақтылы пайдалануға беруге ерекше көңіл бөлуді тапсырды.

Сонымен қатар, аудан әкімі Саркөл ауылдық округі әкімі М.Шүйіншалинге құрылыс жұмыстарының сапалы әрі уақытылы орындалуын қатаң түрде бақылауға алуды және жол белгілерін орнатуды қамтамасыз етуді тапсырды.