ҚОРҒАНЫС БӨГЕТІ САЛЫНУДА

0
36

Жақында, аудан әкімі С.Аманбаев Саркөл ауылдық округіндегі жұмыс сарары кезінде Шұбарши және Құмсай елдімекендеріндегі қорғаныс бөгетінің құрылыс жұмыстарын қарады.

Қазіргі уақытта көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында Саркөл ауылдық округінде екі қорғаныс бөгеті салынуда.
N1 учаске — Шұбарши елдімекеніңде және N2 учаске — Құмсай ауылда.

Сел және су тасқыны қаупінен қорғауға бағытталған қорғаныс бөгеті жобасының
бас мердігерлері:
— Шұбарши елдімекені бойынша “Story Master Elite Group” ЖШС.
— Құмсай елдімекені бойынша “Taf Company” ЖШС.

Аталған қорғаныс бөгеттері “2025 жылғы көктемгі су тасқынына қарсы іс-шаралардың Жол картасын” іске асыру шеңберінде салынуда.

Қазіргі таңда қажетті техникалар арқылы қорғаныс бөгетін нығайту, нысанды биіктетіп көтеру жұмыстары (инерттік материалдарды тасымалдау) жүргізілуде.

Кездесу соңында аудан әкімі мердігер компания өкілдеріне:
— қауіпсіздік талаптарын сақтауды ұйымдастыруды;
— жүргізіліп жатырған жұмысты қатаң бақылауға алуды ;
— құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуі мен ауа райын ескере отырып, уақытылы аяқтауды ұсынды.

Сонымен қатар, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы А.Туманчаевқа ауа райын ескере отырып, құрылыс жұмыстарын жеделдетіп, уақытылы аяқталуын бақылауды тапсырды.