ЖАҢА САЯБАҚ АШЫЛДЫ

0
35

Аудан әкімі С.Аманбаев Ақсай ауылдық округіндегі жұмыс сапары кезінде Ақсай елдімекеніңдегі жаңа саябақтың ашылуына қатысты.Аудан әкімімен бірге Ақсай ауылдық округі әкімі Е.Бегимов, еңбек ардагерлері, зиялы қауым өкілдері мен жергілікті тұрғындары қатысты.

Саябақ құрылысы жобасының бас мердігері – «Region service» ЖШС. Жоба құны – 11 млн.988 мың теңге.

Шара барысында аудан әкімі округ тұрғындарын саябақтың ашылуымен құттықтап, тұрғындардың бос уақытын тиімді үйлестіру мақсатында заманауи саябақтың ашылуы маңызды шара екендігін атап өтті.
Сонымен қатар, аудан басшысы округ әкімі Е.Бегимовқа бүлдіршіндерге арналып ашылған нысанды кеңінен пайдалануды және алаңның күтіп ұсталуын тұрақты бақылауды тапсырды.

Темір ақпарат