АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ

0
34

Одан әрі, аудан әкімі Кеңқияқ ауылындағы 11 көпқатарлы тұрғын үйлердің алаңын абаттандыру жұмыстарын қарады.

Кеңқияқ ауылындағы 11 көпқатарлы тұрғын үй алаңын абаттандыру жобасының бас мердігері – “KDC Construction” ЖШС. Жоба қуаты – 2,5 га.
Қазіргі таңда жобада көрсетілген жаяу жүргіншілер жолы жасалып, автомобиль жолының негізі әзірленуде. Сонымен қатар, жоба аясында абаттандырылатын аумаққа 50 дана жарық шамы қарастырылған.

Аралау соңында аудан басшысы округ әкімі Қ.Серікжановқа ауа райын ескере отырып, абаттандыру жұмыстарының сапалы әрі уақытылы орындалуын бақылауға алуды тапсырды.