АВТОТҰРАҚ ПЕН КӨШЕ ЖОЛДАРЫ САЛЫНУДА

0
51

Аудан әкімі С.Аманбаев Кеңқияқ ауылдық округіндегі жұмыс сапары кезінде Кеңқияқ ауылындағы «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында салынып жатырған жаңа мектепке апаратын автомобиль жолы мен автотұрақ құрылысын қарады.

Кеңқияқ ауылындағы «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында салынып жатырған жаңа мектепке апаратын автомобиль жолы мен автотұрақ құрылысы жобасының бас мердігері — «DEN-Group Plus» ЖШС. Жоба қуаты – 2,4 км. Жобада көше жарықтары мен жаяу жүргіншілер жолы қарастырылған.

Қазіргі таңда көше жарықтары толық орнатылды. Сонымен қатар, автомобиль жолының негізі (основание) мен жаяу жүргіншілер жолы әзірленіп, қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілуде.