СУ ТАСҚЫНЫНА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ЖАЛҒАСУДА

0
58

Аудан әкімі С.Аманбаев Кеңқияқ ауылдық округіндегі жұмыс сапары кезінде 2025 жылғы су тасқынына дайындық шаралары аясында салынып жатырған жекелеген нысандарды қарады.
Аудан басшысы ”Покровка-Кеңқияқ-Жаңажол” тас жолының 65 шақырымындағы су өткізу құрылғысын орнату құрылысын қарады.
Көктемгі су тасқыны кезінде еріген қар суының көп мөлшерде келуі салдарынан аталған учаскедегі су өткізуге арналып орнатылған бетонды сақиналар судың көп мөлшерін өткізе алмай, асфальт жабындысы шайылып кеткен болатын.

Осыған орай, қазіргі таңда су өткізу мүмкіндігін ұлғайту жұмыстары жүргізілуде.

Аудан басшысы мердігер компания өкілдеріне құрылыс жұмыстарын сапалы және уақытылы жүргізуді ұсынды.

Сондай-ақ, жол қозғалысы қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол белгілерін орнату қажеттігін ерекше атап өтті.