БІРЛІК ПЕН ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ АСҚАҚ ҮНІ

0
28

Ұлттық мереке 25 қазан — Республика күніне орай аудан орталығында салтанатты шара өтті.
Аталған шараға аудан ардагерлері, мемлекеттік қызметшілер, жастар, өнерпаздар, спортшылар, ұстаздар, төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері, ақ халатты абзал жандар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, теміржолшылар, мектеп оқушылары және қоғам белсенділері қатысты.
Шара барысында аудан әкімі С.Аманбаев Тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап мемлекетіміздің ел болып қалыптасуында, бүгінгі қол жеткізген жетістіктерінде Темір халқының қосқан үлесі зор екендігін атап өтіп, Ұлттық мереке 25 қазан — Республика күнімен барша аудан тұрғындарын құттықтады.
Сонымен қатар, қатысушылар Мемлекеттік Гимнді шырқаған сәтте көк байрағымыз салтанатты түрде биікке көтерілді.

ТЕМІР ГАЗЕТІ