Марапатталды

0
5

Республика күніне орай Астана қаласында Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастырумен “Қайырымдылық жасаушылар және меценаттар” форумы өтті.
Аталған форумда аудандық “100_DOS-Шұбар” қоғамдық қорының атынан
қоғамдық қордың мүшесі Ғалым Қасым Ғалымұлы “ Қайырымдылық үшін” төс белгісімен марапатталды.
Халықтың азаматтық бастамаларын жандандыруға және ел ішінде мейірімділік, қайырымдылық, қамқорлық сияқты адамгершілік құндылықтарды дәріптеп жүрген, аз уақыт ішінде жақсы істердің бастаушысы бола білген “100_DOS-Шұбар” қоғамдық қорының жұмысына алғысымызды білдіре отырып, марапатымен құттықтаймыз!

ТЕМІР АҚПАРАТ