МЕЙІРІМ — ЖҮРЕКТЕН
Аудан әкімі С.Аманбаев Республика күніне орай аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен “Мейірім — жүректен” атты қайырымдылық іс-шарасына қатысты.
Шара барысында аудан әкімі Халқымыздың тарихы мен мәдениетіне, ұлттық құндылықтарымызға деген құрметіміз арта түсетін, қуаныш пен үміттің, жаңарудың символы – Республика күнімен құттықтай отырып, қайырымдылық жасау – адамзаттың асыл қасиеті. Әрбір адамның жасаған жақсылығы, қолдау көрсетіп көмектескені адам жанына жылулық, мейірі сыйлайтындығын атап өтті.
Сонымен қатар, шара барысында аудан бойынша 25 кәсіпкер 25 оқушыға арнайы сый-сияпаттарын табыстады.
Сондай-ақ, шара соңы аудан орталығының мектеп оқушыларының қолынан шыққан әртүрлі бұйымдарының аукционына ұласты.
Жәрмеңке, аукционнан түскен қаражаттан шара соңында балаларды қолдау мақсатында төрт мектеп басшысына 100 000 теңгелік сертификаттар табысталды.
ТЕМІР ГАЗЕТІ