КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТЫ НАЗАРДА

0
43

Аудан әкімі С.Аманбаев Темір қалалық округіндегі жұмыс сапары кезінде Темір қаласында салынып жатырған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын қарады.
Бүгінгі күнге дейін халықпен кездесу барысында қала тұрғындары аудан әкіміне Темір қаласында дене шынықтыру сауықтыру кешені бойынша бірнеше мәрте өтініш білдірген

болатын.
Аудан әкімі тұрғындардың өтініштерін назарға алып, аудандық бюджеттен арнайы қаражат бөлініп, Темір қаласында дене шынықтыру сауықтыру кешенінің құрылысы үшін аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміне мемлекеттік конкурс өткізуге тапсырма берген болатын.
Осыған орай, қазіргі таңда аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес Темір қаласында дене шынықтыру сауықтыру кешені құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Дене шынықтыру сауықтыру кешені жобасының бас мердігері — “Стронеф” ЖШС. Нысан 2024 жылдан 2025 жылға ауыспалы.
Қазіргі таңда іргетасы құйылып, қабырғасы қаланып, жер төлесін бөлу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, аудан әкімі аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі басшысы А.Туманчаевқа құрылыс жұмыстарының сапалы әрі уақытылы орындалуын қатаң түрде бақылауға алуды тапсырды.
Сондай-ақ, аудан әкімі Темір қалалық округ әкімі Е.Далмағамбетовке құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауды ұйымдастыруды, құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуін бақылауға алуды тапсырды.
Берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р.Құдайбергеновке жүктелді.

ТЕМІР ГАЗЕТІ