МЕРЕЙІ ҮСТЕМ МЕРЕКЕ

0
12

Тұғырлы  тәуелсіздігіміз бен айбарлы азаттығымызды әлемге айшықтаған  25 қазан  Республика   күні болып қайта жаңғыруы, біздің  ұлан-ғайыр даламызды мекен етіп, бақытты  тұрмыс кешіп отырған әр қазақстандық үшін  маңызды.

Атаулы мереке қарсаңында аудандық мәдениет үйінің  ұйымдастыруымен  «Жаса, Қазақстан!» атты мерекелік салтанатты шара өтті. Шараны  тамашалауға аудан  әкімінің   орынбасары Қ.Нұралин және  қазыналы қарттар, мекеме, кәсіпорын  басшылары  қатысты.

Сахнаның  қақ  төрінде  мемлекеттік  туымыз желбіреп, Қазақстан Республикасының  гимні  шырқалды. Салтанатты  шараға  қатысушыларды аудан  әкімінің  орынбасары  Нұралин Қайрат Мысырұлы  мерекемен  құттықтап,  елге  еңбегі  сіңген  азаматтарға  облыс  әкімі А.Шахаровтың алғыс хатын, сондай-ақ бірнеше азаматқа Темір ауданы әкімі С.Аманбаевтың «Темір ауданына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі, «Ел алғысы» төсбелгісін  табыстап, алғыс хатпен марапаттады.

Мереке  ажарын  мәдениет үйі  өнерпаздарының  мерекелік ән шашуы мен  Үлгілі «Алтын-Ай» би ансамблінің  билері одан әрі аша түсті.

Концерт соңында көрермен аудандық мәдениет үйі ұжымына   ризашылығын, шараның  жоғарғы деңгейде  ұйымдастырылғанын  атап өтті.

Ұйымдастырушылар атынан  осы маңызды күнде өз қызметтеріндегі  қиындық пен жауапкершілікке қоса, ауданымыздың  мәдени қызметіне үлкен  қолдау көрсеткен  Ақтөбе облысы ПД Темір ауданы полиция бөліміне  алғысымызды  білдіреміз.

 

Аудандық мәдениет үйінің бөлім меңгерушісі

                                                                                Л.ШАДМАНОВА