Астық жинау аяқталды

0
40

Қазақстанда егін жинау науқаны аяқталды: 26,5 млн тонна астық жиналды, өнімділік өткен жылғы деңгейден асты

Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы жинау алаңы 23,3 млн гектарды құрады, оның ішінде 16,7 млн гектары – дәнді және бұршақты дақылдар. 26,5 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Орташа өнімділік гектарына 16 центнерді құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштерден жоғары. Негізгі астық егетін өңірлердің ішінде Солтүстік Қазақстан облысында жоғары нәтижелер байқалады – 18,6 ц/га. Оңтүстік өңірлерде өнімділік бойынша жоғары көрсеткіштер Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарында байқалады.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында күздің қолайлы ауа райы жағдайлары жауын-шашынға қарамастан айтарлықтай шығынсыз егін жинау науқанын жүргізуге мүмкіндік бергенін атап өтті.

«Жоғары өнімділікке ауа-райының қолайлы жағдайлары және, әрине, агротехнологияларды дұрыс қолдану нәтижесінде, атап айтқанда сапалы тұқымдарды пайдалану, минералды тыңайтқыштарды қолдану және өсімдіктерді тиімді қорғау арқылы қол жеткізілді», — деді министр.

Дәнді дақылдарды жинау аяқталды, жүгері дәнін жинау жалғасуда.