ЖӘРМЕҢКЕ ӨТТІ

0
45

Ағымдағы жылдың қазан айында Темір ауданы бойынша мемлекеттік қызмет жүйесінің тартымдылығын арттыру мақсатында 2024 жылға арналған іс-қимыл медиа-жоспарына сәйкес «Темір аудандық әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызмет /кадр қызметі/ бөлімі мен Ақтөбе облысының Темір ауданы бойынша еңбек мобильдігі орталығымен бірлесе мемлекеттік қызметке және жалпы аудандағы бос жұмыс орындарына жастарды тарту мәселесіне орай бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.
Атылған жәрмеңке оқу орындарын бітіріп, жұмыссыз жүрген жас мамандарды бос, яғни жұмыс орындарына қажетті мамандықтарына қарай орналастыру мақсатында ұйымдастырылды
Қазіргі таңда мемлекеттік қызмет саласына жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру ұйымдарында мемлекеттік грантпен оқу орнын аяқтаған түлектер аудан мен ауылдарда төменгі лауазымдарға конкурссыз тағайындала алады.
Аталған мүмкіндіктер оқу нәтижесінің мәні әріптік жүйеге сәйкес «В+», балдардың сандық эквиваленті 3,33 GPA, яғни дәстүрлі жүйе бойынша «жақсы» деген көрсеткіш деңгейінде болуы шарт.
Бүгінгі күні аудан көлемінде әкімшілік мемлекеттік лауазымдары бойынша 5 мемлекеттік бос орындары бар. Аталған бос орындарының әкімшілік мемлекеттік өз талаптары бар.
Жәрмеңке барысында мемлекеттік қызметке орналасу жөнінде жұмыс сұрап келген азаматтарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, әдістемелік көмек көрсетілді.

Темір ақпарат