Үздік маман мен үздік оқырман

0
31

Дүниежүзілік кітап және автор құқық күнінде бастау алған «Үздік маман мен үздік оқырман» атты әр сала мамандары мен оқырмандар арасындағы аудандық кәсіби – шығармашылық байқауының ақтық сыны өтті. Байқауда 16 үздік маман мен 16 үздік оқырмандар, барлығы 32 қатысушы бақ сынап, ақтық сынға 5 жұп жолдама алып, «Креативті таныстыру», «Біз ұнатқан кейіпкер» және «Көңіл көкжиегі» кезеңдері негізінде кім мықтыны анықтады.
Әділ-қазы мүшелерінің  шешімінің нәтижесінде
БАСЖҮЛДЕ: Үздік маман Алтықарасу ауылдық мәдениет үйінің директоры Жанбосын Ғалия Болатқызы және Үздік оқырман Алтықарасу мектеп-балабақшасының 8-сынып оқушысы Берік Ақжүніс Дәуренбекқызы.
I ОРЫН: Үздік маман Абай атындағы ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Адилова Мөлдір және Үздік оқырман «Балапан» бөбекжай-балабақшасының хатшысы Тулемисова Арай.
II ОРЫН: Үздік маман Теректі мектеп-балабақшасының дәрігері Ителгі Ершат Айбекұлы және Үздік оқырман Тасқопа ауылдық клуб үйінің меңгерушісі  Баймұхан Досхан Қамысбайұлы.
III ОРЫН: Үздік маман Қызылжар ЖОББМ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мұқанов Мерланжәне Үздік оқырман Қызылжар ЖОББМ 6-сынып оқушысы Кеңесова Жанайым Нұрмағанбетқызы.
III ОРЫН: Үздік маман Кеңқияқ мәдениет үйінің қызметкері Ұзақбаева Гүлдер Берікқызы және Үздік оқырман Кеңқияқ ауылдық модельді кітапханасының кітапханашысы Нағметова Нұрсая Нұралықызы.
Барлық қатысушы жүлдегерлер аудандық кітапхана директоры М.Ибраймованың дипломымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.