АУДАНДА МӘНЕРЛЕП ОҚУ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

0
30

Аудандық орталық кітапханада “100 дос” қоғамдық қорының демеушілігімен “Өлең — сөздің патшасы” атты темірлік ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқу байқауы өтті.
Темірлік ақындардың шығармашылығын насихаттау, жастарды поэзияға баулу мақсатында ұйымдастырылған байқауға Шұбарқұдық, Темір, Алтықарасу, Тасқопа елді мекендерінен барлығы 13 үміткер қатысты.
Әділ қазылар алқасының шешімімен: байқауға белсене қатысқаны үшін аудан әкімінің алғыс хаты және 10 000 теңге көлеміндегі ынталандыру сыйлығы 8 қатысушыға табысталды.Сонымен қатар,N1 Шұбарқұдық мектеп-гимназиясының мұғалімі А.Жұбанышқа және Темір қалалық клуб үйінің қызметкері А.Нұрлыбекке арнайы диплом және 20 000 тг көлеміндегі ынталандыру сыйлығы берілді.
Қазылар алқасының шешімімен Шұбарқұдық ауылдық округі әкімі аппаратының маманы А.Отарбай жүлделі ІІІ орын және 50 000 теңге сыйақы,N1 Шұбарқұдық мектеп-гимназиясының мұғалімі С.Азамат жүлделі ІІ орын және 70 000 теңге сыйақы,Қызылжар ЖОББМ мұғалімі М.Мұқанов жүлделі І орын және 100 000 теңге көлеміндегі сыйақыны иемденді.
Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!

ТЕМІР ГАЗЕТІ