ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ
Аудан әкімінің м.а. Ж.Қойшыбаев Кеңқияқ ауылдық округі әкімі Қ.Серікжановтың Бәшенкөл және Кеңқияқ ауылының тұрғындарымен есептік кездесуіне қатысты.
Есептік кездесуге аудандық мәслихат төрағасы Б.Шаимов, бөлім және мекеме басшылары қатысты.
Кездесу барысында округ әкімі Кеңқияқ ауылы ішіндегі 18 көшені жөндеу жұмыстары толық аяқталғандығын және “Сазды-2” ауданында жарық шамдары орнатылып, жаяу жүргіншілер жолы жасалып жатқандығын жеткізді.
Сонымен қатар, Кеңқияқ ауылында апаттық деп танылған 2 қатарлы 11 тұрғын үйлердің жөндеу жұмыстарын «СНПС Ақтөбемұнайгаз» АҚ демеушілік арқылы кезең-кезеңімен жүргізіп жатқандығын баяндады.
Сондай-ақ, кездесу барысында Бәшенкөл ауылының өзекті мәселелері бойынша атқарылған жұмыстар және алдағы жұмыс жоспарымен бөлісті.
Кездесу барысында аудан әкімінің м.а. Ж.Қойшыбаев тұрғындар тарапынан түскен сауалдар бойынша округ әкімі Қ.Серікжановқа тиісті сала өкілдерімен бірлесіп жұмыстануды тапсырды.
Сондай-ақ, елдімекенді абаттандыру шараларын жандандырып, алдағы жылғы жоспарды жүйелі жасақтауды ұсынды.
Темір ақпарат.