ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Темір аудандық маслихатындағы «AMANAT» партиясы фракциясының кезекті отырысы өткізілді. Іс шараға аудан әкімінің орынбасары Р.Ерғалиұлы және мекеме — бөлім басшылары қатысты. Жиынды партия филиалының атқарушы хатшысы А.Нұрғалиев ашып, жүргізді.
Күн тәртібінде Темір ауданы бойынша «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі «Халықпен бірге!» 2023-2027 жылдарға арналған Жол картасының орындалу барысы қаралып, Темір аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Н.Адаев баяндама жасады.
Жол картасында 2025 жылғы жоспарда 33 тармақ болса, қазіргі таңда оның 4-і орындалып, 26-сы орындалу сатысында. Орындалмай қалу қауіпі бар тармақтар саны — 3.
Күн тәртібі толық қаралып болған соң, жиын соңында тиісті мекеме-бөлім басшыларына ұсыныстар жолданды.
А.Тлеумбет


