Президент Жолдауында айтылған жол қауіпсіздігі мәселесі – қоғам үшін аса өзекті тақырып. Жыл сайын мыңдаған жол-көлік оқиғасының тіркелуі әрбір азаматтың өмірі мен денсаулығына төнген қауіптің айқын көрінісі.

0
73

Мемлекет тарапынан түрлі шаралар қолға алынғанымен, нәтижеге қол жеткізу үшін ең алдымен көлік жүргізушілерінің жауапкершілігі артуы тиіс. Жол ережесін сақтау – әрбір адамның өз өміріне де, өзгелердің амандығына да деген құрметі.

Сондай-ақ, қазіргі таңда электросамокаттардың көбеюі жаңа қауіп-қатерлерді туындатып отырғаны жасырын емес. Президент атап өткендей, бұл бағытты заңнамалық тұрғыдан реттеу – уақыт күттірмейтін мәселе. Әрбір баланың, әрбір азаматтың өмірі қымбат болғандықтан, ұсақ-түйекке мән бермеу қателікке әкелуі мүмкін. Сондықтан жол мәдениетін қалыптастыруға бүкіл қоғам болып атсалысу – Қауіпсіз Қазақстанды құрудың басты алғышарттарының бірі.

Темір аудандық мәслихатының депутаты Абдуллин Алтай Қабылғазизұлы