Жолдауда қоғамдағы мәдениет, тәртіп пен отансүйгіштік мәселесіне ерекше назар аударылды

Жолдауда қоғамдағы мәдениет, тәртіп пен отансүйгіштік мәселесіне ерекше назар аударылды. Бұл – уақыт талабына толық сәйкес келетін маңызды қадам. Әдептілік, сыйластық, өзара түсіністік сияқты құндылықтар – дамыған қоғамның негізі. Мемлекет басшысы атап өткендей, әрбір азамат өз жауапкершілігін сезініп, тәртіп пен мәдениетті сақтау арқылы елдің өркендеуіне үлес қосуы қажет.
Бүгінде жастардың заманауи көзқарасы мен жаңашыл ойы елімізді жаңа белестерге жетелейді. Олардың ғылым-білімге ұмтылысы, жаңа технологияларды игеруі – Қазақстанның бәсекеге қабілетті елге айналуына ықпал етпек. Осы ретте, мемлекет тарапынан жастарға жасалып жатқан қолдау олардың сенімін нығайтып, елге деген сүйіспеншілігін арттырады.
Жолдауда айтылған мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін әрқайсымыз өз орнымызда еңбек етіп, жауапкершілік танытуымыз керек. Сонда ғана еліміз тұрақты дамып, болашақ ұрпаққа мықты мемлекет табыстай аламыз.
Темір аудандық мәслихатының депутаты Нұртұрғанова Хурлиман Қыдырбергенқызы



