Пікір

Президенттің Жолдауында ел дамуының барлық негізгі бағыттары қамтылды. Экономика, әлеуметтік сала, мәдениет, ғылым-білім, құқықтық тәртіп сияқты мәселелерді қатар қозғауы – мемлекетіміздің кешенді дамуға ұмтылып отырғанын көрсетеді. Әсіресе, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, әділдік пен тәртіпті нығайтуға арналған бастамалар көңілге қуат береді.
Жолдаудағы реформалар қоғам өмірінің әр саласына серпін береді деп сенемін. Инфрақұрылымды жаңарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, жастарға білім алуға және кәсіп ашуға қолдау көрсету – елдің болашағы үшін маңызды. Бұл өзгерістер халықтың күнделікті тұрмысына оң әсерін тигізетіні анық.
Мен үшін ең бастысы – мемлекет дамуының бағыты айқын, нақты жоспар жасалғаны. Жұртшылық пен билік бірігіп жұмыс істегенде ғана бұл жоспар нәтижелі жүзеге асады. Сондықтан әр азамат осы өзгерістерге белсенді атсалысып, ортақ мақсатқа үлес қосуы қажет деп санаймын.
Темір аудандық мәслихатының депутаты Самарханов Т.Қ.




