ПІКІР

0
70

Жаңа Конституция жобасы елді жаңғыртуға бағытталған нақты әрі уақтылы бастама деп ойлаймын.Құжатта азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әділдік пен заң үстемдігін қамтамасыз ету мәселелеріне басымдық берілген. Әсіресе, жастардың білім алуына, өзін дамытуына, қоғамдық өмірге белсенді араласуына құқықтық негіздің күшеюі болашаққа деген сенімді арттырады.

Бұл өзгерістер жастарды жауапкершілікке, ел тағдырына бейжай қарамауға үндейді. Жаңа Конституция жобасы бізге тең мүмкіндік ұсынып қана қоймай, қоғам дамуына үлес қосуға нақты жағдай жасайды. Сондықтан белсенді жастар ретінде осы реформаларды қолдап, заңға құрметпен қарайтын саналы қоғам қалыптастыруға атсалысуымыз қажет деп санаймын.

Белсенді жас Жанова Аружан Еркінқызы