Жаңа Конституция – Әділетті әрі тұрақты даму кепілі

0
20

 

Мен депутат ретінде Жаңа Конституция жобасын еліміздің құқықтық жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған маңызды құжат деп санаймын. Бұл жоба қоғамдағы өзгерістерді, азаматтардың сұранысын және заманауи талаптарды ескере отырып әзірленген. Ондағы негізгі мақсат – заң үстемдігін күшейту, адам құқықтарын қорғау және мемлекеттік институттардың жауапкершілігін арттыру.

Конституция – мемлекеттің басты заңы ғана емес, халық пен билік арасындағы сенімнің негізі. Сондықтан кез келген өзгеріс ел мүддесіне қызмет етуі тиіс. Жаңа жоба осы қағидатты басшылыққа ала отырып, әділеттілік пен ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған.

Біздің міндетіміз – қабылданатын нормалардың тиімді іске асуын қамтамасыз ету. Себебі Конституция қағаз жүзінде ғана емес, нақты өмірде жұмыс істеуі керек. Сонда ғана біз тұрақты әрі дамыған мемлекет құра аламыз.

Аудандық мәслихат депутаты Көшербаев Әділ Тасымбайұлы