Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін»

0
15

Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» аудандық коалиция мүшелері конституциялық реформаны қолдау жөніндегі үгіт-насихат жұмыстарын бастады.

Коалиция мүшелері “Энергосистема” ЖШС қызметкерлерімен кездесіп, жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары, енгізілетін өзгерістердің мәні мен маңызын кеңінен түсіндірді.

Сондай-ақ Конституция жобасы елдегі саяси жүйені жаңғыртуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға, мемлекеттік басқару тетіктерін жетілдіруге бағытталғанын атап өтті.