«AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ

0
38

 

Темір ауданында «AMANAT» партиясының Республикалық мобильді қоғамдық қабылдауы өтіп, тұрғындардың өзекті мәселелері назарға алынды. Халықпен ашық форматта өткен қабылдау барысында азаматтардың талап-тілектері тыңдалып, көтерілген мәселелердің шешу жолдары қарастырылды.
Қоғамдық қабылдау кезінде тұрғындар ауыл шаруашылығы, әлеуметтік қолдау, тұрғын үй, жұмыспен қамту, жол және инфрақұрылым салалары бойынша сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Әрбір өтінішке мұқият назар аударылып, жауапты сала мамандары тарапынан тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бірқатар мәселелер бақылауға алынып, заң аясында шешу жолдары қарастырылды.
Шараға аудан әкімі А.Жақсылықов, «AMANAT» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі меңгерушісінің орынбасары Е.Жұмабек, қоғамдық қабылдау бөлімінің сарапшысы Н.Артықбаева, «AMANAT» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі М.Балқыбаева, Темір аудандық мәслихатының төрағасы Б.Шаимов, «AMANAT» партиясы Темір аудандық филиалының атқарушы хатшысы А.Нұрғалиев, облыстық адвокаттар алқасының мүшесі А.Мукашов, аудандық мәслихат депутаттары мен бөлім басшылары қатысты.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелердің басым бөлігі әлеуметтік сала мен инфрақұрылым бағыттарына қатысты болды. Азаматтардың өтініштері назарға алынып, кейбір мәселелер бойынша нақты түсіндірулер берілді.
Мұндай қоғамдық қабылдаулар халық пен билік арасындағы байланысты нығайтып, тұрғындардың мұң-мұқтажын дер кезінде шешуге мүмкіндік береді. Ашық диалог алаңына айналған мұндай кездесулер азаматтардың қоғам өміріне белсенді араласуына жол ашып, ел сенімін арттыра түсуде.

AMANAT партиясының Темір аудандық филиалы