«Қопа ауылында «AMANAT» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауы өтті»

Қопа ауылында «AMANAT» партиясының Республикалық мобильді қоғамдық қабылдауы аясында тұрғындармен кездесу өтті. Кездесу барысында ауыл тұрғындарының өзекті мәселелері тыңдалып, ұсыныс-пікірлері назарға алынды.
Шараға «AMANAT» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі меңгерушісінің орынбасары Е.Жұмабек, қоғамдық қабылдау бөлімінің сарапшысы Н.Артықбаева, «AMANAT» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі М.Балқыбаева, Темір аудандық мәслихатының төрағасы Б.Шаимов, «AMANAT» партиясы Темір аудандық филиалының атқарушы хатшысы А.Нұрғалиев қатысты.
Қоғамдық қабылдау кезінде тұрғындар жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау, жол мәселесі, ауыл инфрақұрылымы және өзге де маңызды мәселелер бойынша сауалдарын қойды. Әсіресе ауылдағы жұмыссыздық мәселесі тұрғындар тарапынан жиі көтеріліп, тұрақты жұмыс орындарының аздығы мен жастарды еңбекпен қамту мәселелері сөз болды.
Кездесу барысында тұрғындардың әрбір өтінішіне назар аударылып, жауапты сала мамандары тарапынан тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бірқатар мәселелер бақылауға алынып, заң аясында шешу жолдары қарастырылатыны айтылды.
Мұндай қоғамдық қабылдаулар халық пен билік арасындағы байланысты нығайтып, тұрғындардың талап-тілегін тыңдауға мүмкіндік береді. Ашық форматтағы кездесулер азаматтардың көкейіндегі мәселелерді тікелей жеткізіп, ортақ шешім табуға жол ашады.
AMANAT партиясының Темір аудандық филиалы


