АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН АШЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Шұбарқұдық кентінде Темір аудандық мәслихатының депутаты Б. Әділханов пен «AMANAT» партиясы Темір аудандық филиалының консультанты Н. Атай Алма Оразбаева және Жамбыл көшелерінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесудің басты мақсаты – халықпен ашық пікір алмасып, тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелерді тыңдау және оларды шешу жолдарын қарастыру болды.
Жиын барысында тұрғындар кенттің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына қатысты бірқатар маңызды мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, көше жолдарының сапасы, түнгі жарықтандыру, санитарлық тазалық, балалар ойын алаңдарының жай-күйі, қоғамдық қауіпсіздік, абаттандыру жұмыстары мен коммуналдық қызметтерге қатысты ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар, тұрғындар жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, мәдени-көпшілік шараларды көбейту және инфрақұрылымды дамыту бағытындағы ой-пікірлерімен бөлісті.
Кездесу барысында әрбір тұрғынның пікірі мұқият тыңдалып, көтерілген мәселелер бойынша заң аясында тиісті түсіндірмелер берілді. Кейбір мәселелер бойынша жауапты мекемелерге ұсыныстар жолданып, нақты жұмыстар жүргізілетіні айтылды. Өз кезегінде аудандық мәслихат депутаты тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары назардан тыс қалмайтынын, олардың кезең-кезеңімен шешілуі бақылауға алынатынын жеткізді.
Мұндай кездесулер билік пен халық арасындағы байланысты нығайтып, тұрғындардың көкейіндегі мәселелерді дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді. Ашық форматта өткен жиында тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды.
«AMANAT» партиясы халықпен тығыз байланыс орнату, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын назарда ұстау бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыра бермек. Халықтың үнін есту, тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту және елді мекендердің дамуына үлес қосу – басты міндеттердің бірі болып қала береді
AMANAT партиясының Темір аудандық филиалы




