Ұлттық аспап ұлықталды

0
41

«Өз өлкеңді өзгеден бұрын таны» жобасы аясында, Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра – дала үні» атты тағылымды сұхбат кеші ұйымдастырылды.

Шараның құрметті қонағы – «Асыл мұра» домбырашылар ансамблінің жетекшісі Құлназарова Алтынай Маратқызы болды. Кеш барысында қонақ домбыра өнерінің ұлттық мәдениетіміздегі орны, күй өнерінің ерекшелігі, ансамбльдің жетістіктері туралы әңгімелеп, жастардың сұрақтарына жауап берді.

Шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жас ұрпақтың домбыра өнеріне деген қызығушылығын арттыру, қазақтың күйшілік дәстүрін насихаттау және ұлттық мұраны қастерлеуге тәрбиелеу.

Кешке «Асыл мұра» домбырашылар ансамблінің мүшелері қатысты. Қонақкәде ретінде Құлназарова Алтынай Маратқызы Марат Ілиясовтың «Анама» әнін орындап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.

Кітапхана оқырманы Амангелдиева Аянат Серікқызы қазақтың көрнекті ақыны Қадыр Мырза Әлінің «Домбыра» өлеңін мәнерлеп оқыды.

Сондай-ақ ансамбль мүшелері Сейтқалиев Бейбарыс, Киржанова Риза, Тлеужан Анархан өз өнерлерін ортаға салып, төмендегі шығармаларды орындады:

* Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйі;

* Жібек Ілиясованың «Тың толғауы» күйі;

* Бәкір Тәжібаевтің “Туған жер” әні.

 

Шұбарши ауылдық модельді кітапханасы