Тазалық – мәдениеттің айнасы

0
27

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында ауылдық мәдениет мекемелері арасында ұйымдастырылған «Тазалық – мәдениеттің айнасы» аудандық байқауы өз мәресіне жетті.

Байқаудың мақсаты – мәдениет мекемелерінің аумағын абаттандыру, тазалық мәдениетін қалыптастыру, туған жерге деген жанашырлық пен жауапкершілікті арттыру.

Байқау қорытындысы бойынша:
Бас жүлде – Қопа ауылдық клубы;
І орын – Темір қалалық клубы;
ІІ орын – Алтықарасу ауылдық мәдениет үйі;
ІІІ орын – Ақсай ауылдық мәдениет үйі.
Арнайы номинациялар:

«Ең үздік безендіру» – Шұбарши ауылдық клубы;
«Ең үздік сахна» – Тасқопа ауылдық клубы.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және арнайы марапаттармен марапатталды.

Барша жеңімпаздарды құттықтай отырып, туған өлкеміздің тазалығы мен көркеюіне қосып жүрген үлестері үшін алғыс білдіреміз! Тазалық – ортақ жауапкершілік, мәдениетті қоғамның айнасы.

 

 

Темір ақпарат