Туған елім — менің болашағымның бастауы

0
29

Туған жер – әрбір адам үшін ерекше маңызға ие, ыстық мекен. Бірақ туған елдің құндылығы тек кіндік қаның тамған жермен ғана өлшенбейді. Ол – адамның бойына сіңген тәрбие, ана тілінің әуені, ұлттық рухы мен елге деген жауапкершілігінен байқалады. Кейде адамдар туған елді алыста жүргенде ғана тереңірек сезінеді. Себебі, туған өлкенің әрбір ізі, әрбір сөзі, әрбір дәстүрі адам жадында өмір бойы сақталады. Туған ел  — бізге тек өткенді еске түсіретін мекен емес, болашаққа жетелейтін күш береді.

Елдің дамуы тек үлкен қалалармен өлшенбейді. Әр азамат өз ісіне адал болып, қоғамға пайдасын тигізсе, туған жерінің де, тұтас елінің де өркендеуіне үлес қосады. Сондықтан туған елді сүю тек сөзбен емес, еңбекпен, біліммен және адалдықпен дәлелденетін қасиет.

Мен үшін туған ел – мақтанатын мекен ғана емес, өз еңбегіммен көркейткім келетін қасиетті орта. Өйткені елдің ертеңі – бүгінгі жастардың қолында. Әрқайсымыз туған елімізге қызмет етсек, оның болашағы да жарқын болмақ.

 

Абат Айшат Нұрланқызы
Қопа ЖОББМ түлегі