Ұлттық мұра ұлықталған күн

0
24

Ұлттық домбыра күніне орай Темір ауданында тағылымды мәдени шара ұйымдастырылып, халқымыздың асыл мұрасы – күйлер орындалды.

Күй – қазақ халқының тарихын, рухын және болмысын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін баға жетпес өнер. Шара барысында күмбірлеген домбыра үні көрерменге ерекше әсер сыйлап, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге зор үлес қосты.

Домбыраның қоңыр үні әр шаңырақтан естіліп, ұлттық өнеріміздің мерейі асқақтай берсін!

 

Шұбарқұдық балалар музыка мектебі