Пилоттық жоба басталды

Елімізде оңалтудың техникалық құралдарын қамтамасыз етудің жаңа сервистік моделі бойынша пилоттық жоба басталды. Пилоттық жобаның іске асырылуы Қазақстан Республикасының 2025-2030 жылдарға арналған инклюзивтік саясат тұжырымдамасында көзделген және оңалтудың техникалық құралдарын олардың толық қолдану циклі бойына сүйемелдеудің жаңа сервистік моделін енгізуге бағытталған. Жобаның басты мақсаты – оңалтудың техникалық құралдарын үздіксіз пайдалануды қамтамасыз ету, мүгедектігі бар азаматтарға көрсетілетін сервистік қызметтің сапасын арттыру және мемлекеттік ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз ету.
Темір аудандық Мансап орталығы


