Жаңа Конституциялық реформалар мемлекеттілігімізді нығайтып, саяси жүйені түбегейлі жаңартуға берік негіз қалады.

0
23

Осы ауқымды өзгерістердің өзегінде тұрған Құрылтай депутаттарының сайлауы – азаматтардың мемлекетті басқару ісіне араласу мүмкіндігін арттыратын, елдің демократиялық даму бағытын айқындайтын белесті кезең.

Бұл саяси науқан халық пен билік арасындағы диалогты жаңа сапалық деңгейге көтеріп, жаңа азаматтық мәдениеттің қалыптасуын жеделдетеді.

Әрбір қазақстандықтың сайлаудағы таңдауы – мемлекеттің ертеңгі бағдарына, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық пен әділеттілікке салынған инвестиция.

Дауыс беру – бұл жай ғана конституциялық құқықты жүзеге асыру емес, бұл – отаншылдықтың, ел болашағына деген жоғары жауапкершіліктің көрінісі.

Еуродизайнерлер одағының мүшесі, Қазақстан Этнодизайнерлер одағының мүшесі, Қазақстан Педагогика академиясы ғылыми қауымдастығы мүшесі Бақтығұлова Жамал Ұзақбайқызы