Тағылымды музыкалық шара өтті

Қазақтың кәсіби музыка өнерінің қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті композитор, дирижер, музыкатанушы, академик Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл толуына орай «Ұлт мақтанышы» атты тағылымды музыкалық шара өткізілді.
Шараның басты мақсаты — ұлы тұлғаның шығармашылық мұрасын дәріптеу, жас ұрпаққа қазақ музыкасының асыл қазынасын таныту және өнерге деген сүйіспеншілікті арттыру.
Кеш барысында «Көркемай» вокал үйірмесінің кішкентай өнерпаздары Ахмет Жұбановтың және қазақ музыкасының алтын қорына енген әсем әндерді нақышына келтіре орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Балғын өнерпаздардың сахнадағы жарқын өнері мен әсем әуендері ұлы композитордың шығармашылық мұрасының бүгінгі ұрпақ жүрегінде жалғасып келе жатқанын көрсетті.
Ахмет Жұбановтың өнері — ұлт руханиятының мәңгілік қазынасы.
Ұлы тұлғаның шығармашылық мұрасын ұлықтау — келер ұрпақ алдындағы парызымыз!
Аудандық мәдениет үйі

