Жас жігіт сүйіктісіне ұсыныс жасады

0
7

№32 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясының базасында орналасқан №29 сайлау учаскесінде дауыс беруге келген жас жігіт сүйіктісіне күтпеген ұсыныс жасады.

Сайлау учаскесінде жас жігіт қолындағы гүл шоғын бойжеткеге ұсынып, өмірлік жар еткісі келетінін айтты.

— Бұл мен үшін күтпеген әрі өте әсерлі сәт болды. Дауыс беріп шыққанда мұндай тосынсый күтпеп едім. Сүйіктімнің сезімін осылай ерекше түрде білдіргені жүрегіме қатты әсер етті. Әрине, жауабым – “иә», – деді бойжеткен.

Ал жігіт бұл маңызды қадамды дәл осы күнге бекер жоспарламағанын айтты.

— Бүгін екеуіміз азаматтық таңдауымызды жасадық. Осы күн мен үшін тағы бір маңызды таңдауымен есте қалсын дедім. Өмірлік серігімді таңдауда ешқашан күмәнім болған емес. Сондықтан бұл сәтті екеуіміз үшін де ерекше еткім келді, – деді ол.

Осылайша дауыс беру соңы қуанышқа ұласты.

 

Айдана АЛТЫБАЕВА.

ЖИ фотосы.