Жолдау – ел дамуының басты бағдары

Жолдау – ел дамуының басты бағдары
Темір аудандық музейі мен архивінің еңбек ұжымымен Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндіруге арналған ақпараттық кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – Жолдауда белгіленген басым бағыттарды түсіндіру және ел дамуына қатысты маңызды міндеттерді талқылау.
Кездесуге «Әділет» партиясы Темір аудандық филиалының төрағасы Нұрғалиев Азамат Нұрғалиұлы, сондай ақ Әділханов Бердіхан қатысып, Жолдаудың негізгі бағыттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың әл-ауқатын арттыру, кәсіпкерлікті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелері сөз болды. Сонымен қатар білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және әлеуметтік қорғау салаларын дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту бағыттарына тоқталды.
Музей мен архив саласының қоғамдағы орны мен маңызы да назардан тыс қалмады. Тарихи мұраны сақтау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және өткенді келешек ұрпаққа жеткізу – осы сала қызметкерлерінің маңызды міндеттерінің бірі.
Кездесу барысында еңбек ұжымы өкілдері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. Ашық пікір алмасу форматында өткен іс-шара Жолдауда белгіленген міндеттерді талқылауға мүмкіндік берді.
«Әділет»партиясының Темір аудандық филиалы




