МҰНАЙШЫЛАР САЙЛАУҒА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУДА

Темір ауданындағы мәслихат депутаттарының сайлауында Кеңқияқ және Саркөл ауылдық округтерінде мұнай-газ саласының қызметкерлері белсенділік танытуда.
Атап айтқанда, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «КМК Мұнай» АҚ, «Восток нефть» ЖШС, «М-Техсервис» ЖШС және өзге де компанияларда вахталық әдіспен еңбек етіп жүрген 607 мұнайшы сайлауға қатысуда.
Өндіріс орындарында еңбек ететін азаматтар сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасауда. Осылайша, мұнайшылар ауданның қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, азаматтық ұстанымдарын білдірді.
Еңбек адамдарының сайлауға қатысуы – ел болашағына деген жауапкершілік пен ортақ іске деген жанашырлықтың көрінісі.




