Атап өтілді

0
170

14 желтоқсан күні аудан әкімі С. Аманбаев аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысты. Салтанатты шарада аудан әкімі ауыл шаруашылығы қызметкерлерін айтулы күнмен құттықтап, ерен еңбектері үшін алғысын білдірді.

Салтанатты жиында аудан әкімі ауыл шаруашылығы саласының 37 үздік еңбеккерін Ауылшаруашылығы министрі   мен облыс әкімінің «Алғыс хатымен», «Елеулі еңбегі үшін», «Ауылға қосқан үлесі үшін» және «Еңбек даңқы» төсбелгісімен, «Құрмет грамотасымен» марапаттады.

Сонымен қатар, жиында аудан экономикасын алға сүйрейтін жетекші саланың көрсеткіштері сараланып, іске асырылып жатқан жобалар таныстырылды.
Мерекелік іс-шараның  соңы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ.