Күн тәртібіндегі мәселелер қаралды

0
98

      26 желтоқсан күні аудан әкімі С. Аманбаевтың төрағалығымен өтіп, аудан әкімінің орынбасарлары Ж.Қойшыбаев пен Н. Көшекбаева, аппарат басшысы А.Сисенов, ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы  Ж. Жасақбаева, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы С.Нұғманова, кент әкімі Қ. Нұралы қатысқан жиынның күн тәртібінде екі мәселе қаралды.  Жиында кәріздік тазарту құрылыстары бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль    жолдары     бөлімінің басшысы              М. Балмағамбетовтің баяндамасы мен     ауданның тазалығына қатысты соңғы екі аптада атқарылған жұмыс нәтижелері тыңдалды.

М. Балмағамбетовтің баяндамасында Шұбарқұдық кентінде кәріздік тазарту қондырғысының құрылыстарын салу жобаларын жасақтау туралы айтылды. Баяндама тыңдалған соң аудан әкімі биологиялық тазарту құрылыстарын реконструкциялау жобасын пысықтап, жұмыстарды жандандыруды міндеттеді.
Ал, ауданның тазалығына қатысты соңғы екі аптадағы жұмыс нәтижесін қорытындылаған аудан әкімі, санитарлық тазалық шарасы жыл бойы үздіксіз жүруі тиіс екендігін еске салып, бұл бағытта жүйелі жұмыс ұйымдастырып, сенбілік шараларын жандандыруды,  мәселеге сергек қарап, тазалық – табалдырықтан басталатынын ескеруді, тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру үшін күнделікті белгіленген аймақты аралап, үнемі ескерту жасап отыруды, тазалықты сақтауға шақыратын мақалаларды әлеуметтік желі арқылы жариялауды және түсіндіру шараларын жүргізуді тапсырды.

ӨЗ ТІЛІШМІЗ.