«Ауыл аманаты» және жастар
Қазіргі кезде ауданда 7 тұрғын «Ауыл аманаты» жобасына қатысып, жылыжай шаруашылығымен айналысуға ниет білдіріп отыр. Осыған байланысты аудан әкімі Саламат Ермұханұлы Аманбаев, облыстық «Тәуелсіздік ұрпақтары» шағын грант иегері Н.Қалдыбайды ауданға арнайы шақырып, «Ауыл аманаты» жобасына қатысуға ынталы кісілермен кездестірді.
Кездесу барысында С. Аманбаев, «Ауыл аманаты» жобасының артықшылықтарына тоқталып, жобаның жастар үшін таптырмас мүмкіндік екенін атап өтті. Өз кезегінде Н.Қалдыбай, жылыжай шаруашылығымен шұғылдануға ниеттенген үміткерлерге, облыс орталығындағы жылыжайдың қыр-сырлары мен ондағы жұмыстарды тиімді жүргізу бойынша өзінің іс-тәжірибесімен бөлісіп, кеңестер берді.
Кездесу соңында аудан әкімі аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Е. Жолдығаринге және Жастар Ресурстық орталығының басшысы А. Сәлімгерейге жобаға қатысушыларға тиісті консультативтік-кеңестік қызмет көрсетуді тапсырды.
ТЕМІР ГАЗЕТІ.