Кездесу өтті

0
103

 

    Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Темір аудандық қоғамдық кеңес мүшелерінің аудан активімен кездесуі өтті. Жиынға аудан әкімі С. Аманбаев, аудан әкімінің орынбасары Н. Көшекбаева, бөлім және мекеме басшылары, аудандық қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.

Отырысты аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Е. Төлеуов ашып, күн тәртібіне қойылған және маңызды деген бірқатар мәселе жайында сөз қозғап, қазан айынан бастап,  кең ауқымды 17 мәселе талқыланғанын және соның  3-еуі  бүгінде қаралу үстінде екендігін, қалғаны шешілгендігін мәлімдеді. Сондай-ақ жиында қоғамдық кеңес мүшесі Л. Жұрмағанбетова, аудандағы әлеуметтік нысандарға жүргізілген мониторинг бойынша жұмыстардың барысымен таныстыра келе, «Задепо» аймағында орналасқан мектеп ғимаратының қазіргі жай-күйін баяндады және орталық емхананың балалар бөлімінің науқастарымен кездескенін, ем алушылар тарапынан жолданған ұсыныстарды қарастыруды сұрады. Л. Жұрмағанбетова, баяндамасының соңында Н. Байғанин атындағы аудандық мәдениет үйінің кіреберіс фойесіне заман талабына  сай жаңарту жұмыстарын жүргізу керектігін де ұсынды.

Сонымен бірге, қоғамдық кеңес мүшесі Е. Мәуениязов, жүргізілген мониторинг көрсеткіштерінің    нәтижесінде Алтықарасу мен Жақсымай, Кеңестуы мен Қайыңды ауылдық округтерінде және Темір қаласында көгалдандыру және тазалық шаралары қарқын алғанымен,  аталған салада орын алып жатқан кейбір олқылықтарға тоқталды. Ол мониторингтің қорытындысында күтімінің нашарлауынан   қураған талдардың көптігі анықталғанын,     жеке нысандардың     қасбетін     ретке   келтіру бағытында кәсіпкерлерге талапты күшейту керектігін  айтты.

Жиын соңында аудан әкімі С. Аманбаев кездесуде  тілге тиек етілген бар­лық                     пі­кірлер мен ұсы­ныстарды орындау үшін мекеме және бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді.

                                                                                                                 ТЕМІР ГАЗЕТІ.