Комиссияның бірлескен отырысы

0
77

     Аудан әкімі С. Аманбаевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері және құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі комиссияның бірлескен отырысы өтті. Комиссия отырысына аудан прокурорының көмекшісі Н. Есқалы, аудандық полиция бөлімінің басшысы Б. Бақтығалиев, аудан әкімінің орынбасарлары Ж. Қойшыбаев, Н.Көшекбаева және тиісті бөлім басшылары қатысты.

тәртібінде «Жастар арасындағы қылмыстың алдын алу, соның ішінде көңіл көтеру орындарында жасалған қылмыстар мен оның алдын алу бойынша жасалған іс шаралар туралы» және «Өңірдегі суицидтің алдын алу шаралары туралы» екі мәселе қаралды. Жиын барысында күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты аудандағы жастар арасында қылмыстың алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар мен барлық мүдделі органдардың жұмыстарын үйлестіру туралы баяндалды.
Жиын соңында аудан әкімі күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жұмысты жандандыруды, мониторинг жасауды және мәселелер бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды және аталған тапсырмалардың орындалуын бақылау – аудан әкімінің орынбасарлары Ж. Қойшыбаев пен Н. Көшекбаеваға  міндеттелді.

ТЕМІР ГАЗЕТІ.