Бала қауіпсіздігін қамтамасыз етейік

0
80

     Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Н. Көшекбаеваның төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Комиссияға аудандық прокуратура, полиция бөлімдерінің өкілдері, комиссия мүшелері, мекеме басшылары, жалпы білім беру ұйымдарының басшылары қатысты. Комиссияның күн тәртібінде балалардың жолдағы, көшедегі қауіпсіздігі және иесіз иттер мәселесі бойынша қабылданған шаралар қаралып, жауапты мемлекеттік орган басшылары мен қызметкерлерінің баяндамалары тыңдалды.

Отырыс барысында ағымдағы жылы 17 желтоқсан күні «Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық» облыстық маңызы бар автомобиль жолының Алға аумағында орын алған жол көлік оқиғасы бойынша жіберілген кемшіліктер мен балалар тасымалы бойынша шешімін таппай отырған түйткілді мәселелерге,  аудандық полиция бөлімімен кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің көлік құралын басқару бойынша жүргізілген рейдттік іс-шаралардың нәтижесіне талдау жасалып, «Үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің үлгілік қағидаларын орындау» мақсатындағы Темір ауданында жүзеге асырылатын іс-шаралар жоспары бекітілді. Сондай-ақ отырысты, аудан прокурорының орынбасары Н. Ильясов,  күн тәртібіндегі мәселелер бойынша бірқатар бөлім мен мекеме басшыларының жүргізген жұмыстарына  сыни пікірі мен өз ұсынысын білдірді.
Комиссия отырысының соңында Н. Көшекбаева,  2023 жылы аудандық бюджет есебінен спортшылар тасымалы үшін шағын автобус сатып алуға қажетті қаржының бөлінетіндігін айтып, бірқатар жауапты мекемелерге  ауданда балалар тасымалын ұйымдастыратын автобустың техникалық талаптарға сәйкестігін тексеріп, техникалық байқаудан уақытылы өтуін қадағалауды,
балаларды аудандық, облыстық байқауларға тасымалдауды ұйымдастыру үшін алдын ала аудандық полиция бөліміне хабарлауды, аудан бойынша балалар тасымалын ұйымдастырудағы проблемалық мәселелерге талдау жүргізуді, кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің көлік құралын басқаруын болдырмау үшін рейдттік іс-шараларды үнемі жүргізуді, иесіз иттер мәселесі бойынша Шұбарқұдық кентіндегі 6 аумақта (Задепо, Қазақауыл, Аққұдық, Вокзал алаңы, Теріскей, Қызылжар) әрбір үйді аралау арқылы тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, иттерді уақытша күтіп-ұстау орнын салу бойынша облыстық салалық басқармаға ұсыныс беру, аудан орталығынан арнайы жер белгілеуді, білім беру ұйымдарының аумағында тұрғындарға еріп келген немесе иесіз жүрген үй жануарларының (ит,мысық) оқушылардың денсаулығына қауіп төндіруін болдырмау мақсатында ата-аналар арасында келеңсіздіктің алдын алу шараларын жүргізіп, тапсырмалардың жүйелі орындалуын ұйымдастыруды міндеттеді.

                                                                                                                   ТЕМІР ГАЗЕТІ.