Төтенше жағдайдың алдын алу пысықталды

0
99

      Аудан әкімі С. Аманбаевтың төрағалығымен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі штаб отырысы өтті. Штаб отырысына аудан әкімінің орынбасары Ж. Қойшыбаев, аудан әкімдігінің бас инспекторы Б.Сауытов, төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы С. Калменов, округ әкімдері, бөлім және мекеме басшылары қатысты.
Отырыста қыс мезгілінің басынан бері табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнінде аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы С.Калменовтің баяндамасы тыңдалды.
Отырысты қорытындылаған  аудан әкімі, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және    автомобиль   жолдары бөлімінің басшысы           М. Балмағамбетовке жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарының жағдайын жеке бақылауға алып, уақытылы жолды қардан тазалаудың шұғыл шараларын жүргізуді, округ әкімдеріне жолдарды күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды және ауа райының қолайсыздығына байланысты автокөліктерге шектеу қойылған кезде тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуді,    аудандық    полиция    бөлімінің   басшысы           Б. Бақтығалиевке қысқы кезеңде аудан орталығы мен округтерде рейдтік іс-шараларды ұйымдастыруды, аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Е.Жолдығаринге төтенше жағдай кезінде жылыту пункттерінде ыстық тамақпен қамтамасыз етуді, аудандық білім бөлімінің басшысы А. Өсербаевқа ауа райының төмендеуіне байланысты оқу жұмыстарына шектеу енгізуді, аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ж. Жасақбаеваға төтенше жағдай кезінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тұрғындарды құлақтандырып отыруды, аудандық аурухананың бас дәрігері С.Жанахметовке зардап шеккен тұрғындарды қабылдау үшін медициналық мекемелердің дайындығын қамтамасыз етуді,
коммуналдық қызмет көрсететін мекемелер басшыларына қыс мезгілінде коммуналдық қызмет түрлерін үздіксіз көрсетуді және тұрақты жұмысын ұйымдастыруды тапсырды.
Сонымен қатар, аудан әкімі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою үшін аталған бөлімдерге толық әзірлікте болуды және тұрақты негізде өзара іс-қимыл жасауды міндеттеді.

                                                                                                                                ТЕМІР ГАЗЕТІ.